Жаңалықтар

2022 жылы 170 мыңға жуық азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды

Бұл туралы Әділет министрлігі мәлім етті
2022 жылы 170 мыңға жуық азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды
Фото: baq.kz 18.01.2023 17:51 1354

18 қаңтарда Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Ведомство басшысы Азамат Есқараев 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын баяндап, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алқа отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет, қоғам өкілдері, сондай-ақ Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстандағы конституциялық реформалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.

Осылайша,  Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңдар әзірленді. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 5 қарашасында аталған құжаттарға жария түрде қол қойған болатын.

Министр А.Н. Есқараевтың айтуынша, осы заңдардың іске асырылуын қадағалап, одан әрі құқықтық және ақпараттық сүйемелдеу жүргізу қажет. Бұдан басқа, Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін дебюрократияландыру жөніндегі Жарлығын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар нормашығармашылық процесінің реинжинирингіне байланысты үкіметтің заң жобалары бойынша нормашығармашылық процесінің жаңартылған форматына көшті. Сонымен, заң шығару процесінің кезеңдері 51-ден 22-ге дейін, ал мерзімдері 175 күннен 95 күнге дейін қысқартылды.

Министр өткен жылы Мемлекет кепілдік берген заң көмегін 169 мыңнан астам азамат алғанын, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға артық (2021 ж. - 122 337) екенін айтты.

Электрондық нотариат элементтері енгізілді, нотариалды куәландырылған құжаттарды сақтау үшін репозиторийдің орталықтандырылған электрондық жүйесі құрылды.

«Цифрлық нотариат» жобалық тобының жұмысы шеңберінде (СҚО, БҚО, Павлодар облысы) электрондық форматта сенімхаттардың 3 түрін беру бойынша пилоттық жоба (меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдарында мүдделер беруге; мұрагерлік істі жүргізуге; соттарда істер жүргізуге) іске қосылды.

«2022 жылы Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қағаз куәліктері алынып тасталды және «Электрондық Үкімет» порталы арқылы куәліктерді электрондық түрде ұсыну қамтамасыз етілді. Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуді электрондық форматқа ауыстыруды көздейтін түзетулер қабылданды. Бұл қағаз құжаттарды тіркеуге беру үшін ХҚКО-ларға бару қажеттілігін жойды», - деді Министр А.Н.Есқараев.

Айта кету керек, Министрлікте зияткерлік меншікті қорғау шаралары жетілдірілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 20 маусымда зияткерлік меншік саласында заңнамалық түзетулер қабылданды. Құжатқа сәйкес, авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар әр авторға жиналған сыйақылар мен олардан ұсталған сомалар туралы есепті ұйымның сайтындағы жеке кабинетіне жіберуге міндетті. Осылайша, авторлар жиналған сыйақы туралы ақпаратты қашықтан ала алады.

Сот сараптамасы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтының жаңа ғимаратының ашылуы болды.

Өздеріңіз білетіндей, үй-жайлардың 90%-ы өткен ғасырдың 40-70 жылдарында салынған. Бүгінде олар 80% тозған және бұл тәуелсіздік жылдарында салынған алғашқы ғимарат.

Министрдің айтуынша, институт жанынан есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар мәселелері жөніндегі мамандандырылған бөлім ұйымдастырылған. Арнайы бөлім Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеумен айналысатын болады.

Алқаның кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, сондай-ақ әділет вице-министрлері баяндама жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға