2020 жылға дейін жол салу бойынша ауқымды жұмыс атқарылмақ
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аралас салаларды қоса алғандағы барлық автожол жобаларына 200 мың адамды тарту жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң төрағасы Мереке Пiшембаев мәлiмдедi.


