2017 жыл. Қазақстан спортындағы басты жаңалықтар
Мөлдір Дарханбаева шығарушы редактор
28.12.2017 11:34
2017 жылы Қазақстан спортында қандай жаңалықтар болды? Ел есінде қалған маңызды оқиғаларды тізіп шықсақ.
- Алматы қаласында 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында бүкіләлемдік Универсиада өтті. Бұл жарысқа 56 елден 2000-ға тарта спортшы қатысты.

- Қазақстандық экипаж Africa Eco Race-2017 ралли-марафонында тарихи жеңіске жетті. Олар жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен барлық 11 кезеңде үздік танылып, рекорд орнатты.

- Фируза Шарипова Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Ол жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымы бойынша екі бірдей чемпиондық белбеуді иеленді.

- Теннисші Зарина Дияс спорттық жолында алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті. Ол 3 жыл бұрын дәл осы турнирдің финалында сүрінген еді.

- Геннадий Головкин «ғасыр жекпе-жегін» Сауль Альвареспен өткізіп, кәсіби рингте алғаш рет тең түсті.

- «Астана» клубы Қазақстан футболында бірінші рет топтық кезеңде 10 ұпай иеленіп, Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Олардың келесі қарсыласы португалиялық "Спортинг" командасы болмақ.

- «Ордабасы» футбол клубы тұңғыш рет Қазақстан чемпионатында жүлдеге (қола) қол жеткізді.

- Әлем Кубогында аралас эстафеталық биатлоннан алғаш рет қазақстандықтар Галина Вишневская мен Максим Браун қола медальге ие болды.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

