Жаңалықтар

2016 жылы ең үздік атанған елдер

Үздіктер
27.04.2016 08:29 11956

18 мың ғаламшардағы ең үздік ел қайсы екенін білу үшін көбірек саяхаттау керек немесе Best Countries-2016 анықтаған рейтингпен танысқан жөн. Есесіне мұнда көрсетілген статистикалық сараптамаға сүйеніп, әр елдің өзіне тән ерекшелігін білуге болады.

Аталмыш үлгіні BAV Consulting компаниясы жасап шығарған. Үздіктерді анықтайтын аталмыш жобаға U.S. News & World Report пен Wharton School-дің қызметкерлері сондай-ақ Пенсильвани университетінің мамандары да атсалысты. Олар ең мықты елдерді анықтау үшін 65 түрлі параметр бойынша сұрыптап, әр елдің болмысына баға беруге тырысты. Мұндағы мақсат – өмір сүрудің сапасын бағалап, мәдени құндылықтарға мән беру. Әр елде кәсіппен шұғылдануға қандай жағдай жасалғанын бағамдау. Жобаға дүниежүзі бойынша 60 ел жұмылдырылып, 16 мыңнан астам азаматтар қатысты.

 Норвегия

Әуелі Норвегия туралы сосын жыл сайын БҰҰ беретін адамзаттың дамуы туралы есебіне тоқталайық ...  

Норвегия

БҰҰ осымен 12 жыл қатарынан Норвегияны өмір сүруге ең қолайлы ел ретінде ұсынып отыр. 188 елдің ішінен ең үздігі адамзаттың дамуы үшін жасалған жағдай бойынша сараланады. Оның ішінде денсауық сақтау, өмір сүру ұзақтығы, білім беру және табыс көзі секілді аспектілер ескеріледі. Келесі кезекте рейтинг бойнша Австралия мен Швейцария тұр. Сондай-ақ Норвегияны жеті жыл қатарынан Legatum институтының индексі бойынша әлем елдерінің ішінде шапшаң дамып, көркейіп келе жатқан ел ретінде айтылады. Норвегияның беделін көтеруге оның көрікті табиғаты мен ландшафтары, тауы мен теңізінің де үлесі бар екені анық.

Германия

2016 Best Countries-тің зерттеуі бойынша жалпы рейтингте Германия ең жоғары сатыдан орын алды. Жоғарыда біз сөз еткен аспектілердің барлығы ескеріліп, үздіктер қатарынан көрінді. Германия тіпті Канада, Ұлыбритания сынды бәсекелестерін басып озды. Зерттеудің қорытындысы жақында өткен бүкіләлемдік экономика форумында жарияланды.

Германия 

Германияның көшбасшылық қасиеті бірінші кезекте кәсіпкерлікпен шұғылдануға оңтайлы жағдай жасалғандығымен, жоғары дәрежелі инфраструктура сондай-ақ сапалы білім, жұмыс күшінің кәсібилігімен ерекшеленеді.

Dresden Silhouette

Түрлі санатттардың ішінде Германияны үздіктер қатарынан көрсетіп тұрған тағы бір ерекшелігі – әскери қуатының мықтылығы мен экономикалық өсімінің жоғары  болуында. Дәл осы рейтингте АҚШ 4 орынға жайғасты. U.S. News and World Report басылымының редакторы Брайан Келли өз баяндамасында: «АҚШ «күшімен ойнап отыр» сол себепті «күш» және «мәдени ықпал» атты санатта жақсы көрсеткішке қол жеткізді», – деді. Есесіне АҚШ-та білімнің сапасы төмендеген. Бүгінгі таңда білімнің сапасы бойынша Канада мен Ұлыбритания АҚШ-тан озып кеткен.

Өмір сүру сапасы жоғары ел

Жалпы рейтингте Германия бірінші орын алғанына қарамастан, өмір сүрудің сапасы жоғары екенін айғақтайтын титул Канадаға бұйырды. Респонденттер мұндағы білім жүйесінің сапасын жоғары бағалап, үздік деп таныды. Бұған қоса Канада «еңбек нарығы» санаты бойынша бірінші орын иеленді. Өмір сүрудің сапасын анықтау үшін экономикалық тұрақтылық деңгейі, қауіпсіздік, табыс көзі, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы  ескерілді. Аталмыш санатта рейтинг бойынша Канададан кейін Швеция, Австралия, Нидерланд, және Жаңа Зеландия елдері орналасты.

Швеция 

Дәл осы ретинг бойынша Еуропа елдерінің ішінде жеті мемлекет – Швеция, Дания, Нидерланд, Германия, Австрия, Великобритания және Люксембур елдері үздік ондықтың қатарына кірді. Ал, өмір сүру деңгейі орташа елдер қатарына Иран, одан кейін Алжир, Украина, Египет кіреді. Мұндай санат бұл мемлекеттерде азаматтардың қауіпсіздігі қорғалмағындығымен және экономикалық мүмкіндіктердің жоқтығымен байланысытырылады. Иран мен Пәкістан отбасын құрып, бала тәрбиелеуге қолайлы елдер тізімінде ең соңғы қатарға ілікті.

Люксембург 

Әйелдер үшін қолайлы мекен

US News & World Report басылымы өкілдерінің пікірінше, әлем бойынша нәзік жандылар үшін Даниядан асқан қолайлы жер жоқ. Бұған қоса Дания балалар үшін де құтты мекен саналатын елдер арасында екінші орын алды. (Ал, балалар үшін ең қолайлы ел деп скандинавиялық Швеция елі деп танылды).    

 Дания

Дания тұрғындары ең жоғары мөлшердегі салық төлеп, ұзаққа созылатын қытымыр қыста өмір сүреді. Олар кешкі сағат төртте күннің ұясына батқан сәтін тамашалайды. Әлемнің елдерінің көпшілік әйелдері даниялық нәзік жандылардың өмір сүру салтына қызығатын көрінеді. Эксперттердің шешімі бойынша мұндағы тұрғылықты халықтың әлеуметтік жағдайы ескерілген. Данияда білім алу ақысыз және медициналық қызмет көрсету толықтай тегін жүзеге асады. Тағы бір ерекшелік – мұнда гендерлік саясат жақсы дамыған. Евростаттың зерттеуі нәтижесі әлеуметтік жәрдемақылар мен бала күтіміне байланысты демалыс уақыты әрі оған төленетін қаражаттың көлемі ең жоғары көрсеткішті бағындырған. Жоба авторлары даниялық зейнеткерлер Еуропадағы ең бақытты зейнеткерлер деп атады.

Бала тәрбиесіне қолайлы мекен

Жас ата-аналарға мемлекет тарапынан жасалатын қолдау бойынша шведтік стандарттар АҚШ сынды елдердің қызғанышын тудырса керек. Себебі АҚШ-та баланың өмірге келуімен байланысты ақылы демалысқа шығу жөнінде Заң мүлде қарастырылмаған. Ал, Швецияда ата-аналарға 480 күн декреттік демалыс берілсе, оның 60 күні әкесіне арналады. Мемлекет балаға ай сайын жәрдемақы төйлейді, бұған қоса ата-аналар үшін баласы 8 жасқа толғанша жұмыс уақытын мейілінше қысқартуға мүмкіндігі бар.

Швеция 

Көпшілік шведтік ата-аналар мұндай жүйе тек қана аналар үшін ғана емсе, әкелер үшін де қолайлы екенін айтады. «Отбасында бала тәрбиесіне әкесі де үлес қосу керек. Бұл жүйенің тиімділігі осында», – дейді екі баланың анасы Анна Брадстрём. – Балаларым ауырып қалса мен демалыс ала аламын, ал келесі күні әкесі демалыс алады. Бұл өте маңызды мәселе.

Азаматтар үшін ең қолайлы мекен

US News  басылымының зерттеуіне қарағанда Швеция – өз азаматтарынан гөрі, сырттан келген адамдар үшін қолайлы мекен. Швецияда өлім жазасына кесу жоқ. Швеция алғаш болып балаларды ұрып-соғып жазалаудан босатқан ел. Осы тізімге Канада, Дания, Нидерланд елдері кірді. Ал, Ұлыбритания төртінші орынға жайғасты. Ең қызығы, бостандықты негізгі құндылық деп санайтын АҚШ алғашқы ондықтың қатарына ілікпей қалды.

Швеция  

Қоршаған орта

Белгілі ғалым, экологиялық қозғалыстың негізін салушы Барри Коммонер «Ғылымның мақсаты – табиғатты бағындыру емес, қайта қоршаған ортамен тату әрі бірлікте өмір сүру» деген тамаша сөзі бүгінгі таңда көптеген адамдардың өмірлік ұстанымына айналды.  

Өз халқы үшін қауіпсіз әрі экологиялық таза ортаны қалыптастыруға тырысатын елдер қатарында Швеция көшбасында тұр. Рейтинг көрсеткішін әділ бағалау үшін жоба авторлары келесідей мәселелерді ескерді. Денсаулықты күту және инновация бойынша қоршаған ортаның тыныштығы. Швецияны әлем бойынша халқы сау мемлекет және экологияға күтімммен қарайтын ел ретінде санайды.

2016 жылы ең үздік атанған елдер 

Бұл көрсеткіштер Экономикалық әріптестік және дамыту ұйымы көрсеткен нәтижеге сәйкес келеді. Бұл ұйым Швеция халқы таза ауа жұтып, таза су ішеді деген пікірді қуаттайды.

Көпшілік респонденттердің пікірінше, Еуропа елдерінің көптеген аймақтарында қоршаған ортаның күтімі орташа деңгейде. US News & World Report  басылымы атаған «жасыл» рейтингтің үздік 20 тобына Еуропаның 11 мемлекеті кірсе, оның төртеуі еуропа континентінің солтүстік бөлігінде орналасқан елдер.

Саяхат

US News & World Report басылымының зерттеу бойынша, Бразилия – саяхаттауға ең қолайлы жер. Американың оңтүстік континентіндте орналасқан Бразилия мемлекеті туристердің арасында үлкен танымалдылыққа ие. Жағажайда демалғанды ұнататындар үшін ұзыннан ұзақ созылып жатқан жағалау қызықтырса, Рио-де-Жанейрода өтетін танымал карнавалға жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мыңға жуық саяхатшылар қатысады. Бұл мәдени шара бразилиялық ұлттық мәдениет әсерлі әуен мен ырғақты биді бір арнаға тоғыстырғанын дәлелдеп тұрғандай.

 2016 жылы ең үздік атанған елдер 

2016 жылы ең үздік атанған елдер

«Саяхат» санаты бойынша Еуропаның 8 елі үздіктер қатарына енсе, оның алтауы Латын Америкасы, ал төртеуі Азия және Тынық мұхиты аймағынан. Канада мен Түркия 20 үздік мемлекеттердің қатарына енді.

Канада

Бұл көрсеткіш – саяхатшыларға достық қарым-қатынас танытқан, климаттық жағдайы жақсы немес табиғаты көрікті елдерді іріктегенде анықталды. Италия, Испания, Греция және Португалия елдері – оңтүстік еуропа елдерінің ішінде қиын экономикалық жағдайына қарамастан үздік туристік бағыт бойынша үздік ондықтың қатарына кіріп отыр.

Мәдени құндылық

Тарих – бүгінгі мен болашықтың кілті. Осы категория бойынша тарихи жетістігігі бар, асханасы дәмді, мәдени нысандарымен танымал, қонақжайлылығы жоғары елдер сарапталды. Мәдени құндылығы мықты елдер қатарына мәдени-тарихи тамыры терең яғни «Ескі әлем» санатына жататын Италия, Испания, Греция және Франция елдері кіреді. Испания әлем бойынша туған тілін дәріптеу жағынан екінші ел. Гректердің мекені  – Олимпияда ойындарының бастау алған жері ретінде ерекшеленеді. Ал, Эйфель мұнарасын көру үшін Париж қаласына жыл сайын 7 миллион турист ағылады.

 2016 жылы ең үздік атанған елдер

Ең қызығы, US News & World Report өкілдері Италияның мәдени құндылығын бағалау барысында макарон өнімдерін өндіру бойынша рекордтық көрсеткішке ие екенін айтқан. (Италия 2011 жылы 2.7 млрд кг өнім өндірген).

Италия 

2016 жылы ең үздік атанған елдер

Мәселен, Иран цивилизацияға ерте қол жеткізсе де, рейтинг бойынша ең төменгі қатарда. Ал, Швецияның тарихы 900 жылдан бастау алады, десе де мәдени құндылығы терең елдер қатарына ілікпей қалды.

Ал, территория бойынша батыс еуропа елдері алыптар қатарында.


Аударған Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға