Жаңалықтар

2015 жылғы талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру туралы

Кешенді тестілеуге қатысамын деушілерге толыққанды ақпарат
03.07.2015 05:08 5010

Кешенді тестілеуге өткен жылдардағы жалпы орта білім беру (орта жалпы) ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған оқушылар, оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде емес жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар қатысады.

2015 жылғы талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру туралы

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен жүргізіледі.

Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

  • бекітілген нысандағы бланктегі өтініш;
  • жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • тестілеуді өткізу үшін төленгені туралы түбіртек;
  • 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

Талапкерлердің кешенді тестіленуіне қатысу үшін төлем 2242 теңгені (қосымша құн салығын қоса есептегенде) құрайды және төлемді талапкерлер Қазпошта немесе ҚР халық банкінің бөлімшелері арқылы төлей алады.

Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттері:

РГКП «Национальный центр тестирования» МОН РК

010011 г. Астана, пр. Победы,60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК  HSBKKZKX    КБЕ 16

АО «Народный банк Казахстана».

Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында 40 тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары), оның ішінде 3 ұлттық өнер ЖОО және 3 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО-да өткізіледі.

Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.

Кешенді тестілеудің нәтижелері тапсырылған күні көпшілік назарына ақпараттық тақталарда және Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға