Жаңалықтар

200 жолаушылар пойызы тексеріліп, 431 кемшілік анықталды

Жолаушылар пойыздарында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында арнайы тексеріс жүргізілуде
200 жолаушылар пойызы тексеріліп, 431 кемшілік анықталды
Фото: almaty.tv 08.07.2022 18:40 2313

2022 жылдың қыркүйек айына дейінгі тексерісті ИИДМ Көлік комитеті, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде пойыздардың техникалық жай-күйімен қатар тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке де жіті назар аударылып отыр. Осыған орай жыл басынан бері темір жол саласындағы 220 кәсіпорынға тексеру жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде 4 091 бұзушылық анықталып, жылжымалы құрамның 47 бірлігін пайдалану тоқтатылды. Сондай-ақ аумақтық көліктік бақылау органдарымен 200 жолаушылар пойызы тексеріліп, жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзуға қатысты 431 кемшілік анықталған. Билетсіз жолаушыларды тасымалдауға қатысты 33 оқиғаның жолы кесіліп, 31 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген», - делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда жолаушылармен кері байланыс орнату және тасымалдау кезіндегі сапаны арттыру мақсатында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының базасында тәулік бойы арнайы Whatsapp нөмірі жұмыс істейді.

2022 жылдың алғашқы алты айында аталған желіге мыңнан астам өтініш пен шағым келіп түскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға