Жаңалықтар

20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

20 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: © El.kz 20.11.2023 06:21 659

"Қазгидромет" 20 қарашада елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 25 м/с. 

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға