Жаңалықтар

20 миллионға жуықтаған. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы мәлімет ұсынды

20 миллионға жуықтаған. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы мәлімет ұсынды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.06.2023 12:48 875

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы жаңарған мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19 миллион 854 мың адам, қала халқы – 12 миллион 276,3 мың, ауыл халқы – 7 миллион 577,7 мың адам болды. 2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 238,3 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 19 миллион 765 мың 4 адам болған. 2023 жылдың 1 мамырында халық саны 19 миллион 854 мың 83 адамға жетті. Алты айда халықтың жалпы өсімі 89 мың 79 адам болды.

Алматы қаласы халық санының ең көп өсімін көрсетті, осы кезеңде халық саны 17 мың 771 адамға өсті. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда халық өсімі 16 мың 802 адамды көрсетті. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 10 мың 427 тұрғынға артты. Бұл ретте Астанада халық санының өсу қарқыны ең жоғары – 1,24 пайыз болып отыр.

Теріс демографиялық көрсеткіштер Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында байқалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға