Жаңалықтар

20 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды

20 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды
Фото: © El.kz 20.06.2023 01:33 701

«Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қ аласында түнде және таңертең найзағай ойнап, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде желдің жылдамдығы 23 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23-28 м/с артады.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында, күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауылды жел болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, құйынды жел тұрады. Облыстың солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с, түнде және таңертең 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысын да 18 м/с екпінмен жел соғады. Өңірдің орталығы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде өрттің тұтануының жоғары қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні кей уақытта 23 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстіг мен шығысында өрт шығудың жоғары қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Костанай облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23 м/с артады. Өңірдің оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз кей уақытта желдің күші 25 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды Кей уақытта күші 23-28 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде желдің күші 15-18 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға