«20 градус аяз, тұман, көктайғақ». Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Мөлдір Қайнар тілші
Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше,қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде 12 наурызда Павлодар және Қарағанды, 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болжануда.
Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде 10-20 аязға дейін, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді деп күтілуде, ал оңтүстікте термометрлердің бағандары түнде минус белгісімен 2-12-ге дейін төмендейді.

