Жаңалықтар

2 шілде – Қазақстанның Дипломатиялық қызметі күні

2 шілде – Қазақстанның Дипломатиялық қызметі күні
Фото: Сыртқы істер министрлігі 02.07.2024 10:00 664

2 шілдеде Қазақстан Дипломатиялық қызмет күнін атап өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1992 жылы «ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» және «ҚР Төтенше және Өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіту жөніндегі Жарлық күшіне енді. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы тұжырымдамасы қабылданды, оның негізіне теңгерімділік және көп векторлық қағидаттары жатқызылды. Қазақстан үшін қолайлы сыртқы саяси жағдайларды қалыптастырудың және қазақстандық дипломатияның кейінгі табыстарының берік негізін нақ солар қалаған болатын.

1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған соң, Қазақстан ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше атана бастады. БҰҰ мінберінен жарияланған қомақты бастамалар да дипломатия саласы еңбегінің нәтижесі. Қазақстандық дипломаттар ұлттық мүдделерді қорғау, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөнінде тиімді жұмыс атқарып келеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға