2 млрд теңге ұрланды: Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері ұсталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
19.04.2023 14:06
Фото:
Pixabay.com
Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды.
Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

