Жаңалықтар

2 млн жеке тұлға жалпыға бірдей декларацияны тапсырды

2 млн жеке тұлға жалпыға бірдей декларацияны тапсырды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 29.09.2023 19:41 659

Елімізде 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2 млн-нан астам қызметкері (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері және т.б.), сондай-ақ олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) алғаш рет ұсынды.

Декларациялардың 98 пайызы электрондық түрде ұсынылды.

Айта кету керек, егер азаматтар декларациядағы мәліметтерді қате немесе толық көрсетпесе, онда олар үш жыл ішінде активтер мен міндеттемелер туралы «қосымша» декларацияны ұсына алады.

2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, 2024 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыруға тиіс екендігіне назарларыңызды аударамыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға