Жаңалықтар

2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: © Pixabay.com 02.02.2024 06:13 1148

Бүгін, 2 ақпанда еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Астанада жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман.

Ақтөбе облысының бытысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз облысының оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының тауларында қатты қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, тау бөктерлі аудандарында тұман. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға