Бұл жолы «Ел ішінде» - журналист, қоғам қайраткері, бұрынғы депутат Мейрамбек Төлепберген. Ол Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңажол ауылына барып, елді мекендегі мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесімен танысты. Мұнда 425 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 1-еуі - ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 170-і - жеке кәсіпкер, 254-і - шаруа қожалығы. Кәсіпкерлердің біразы 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие алған. Мемлекеттің аталмыш қолдауына қалай қол жеткізуге болады? Оны осы бағдарламадан толығырақ біле аласыздар.