19 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Көрсетілімдерді youtube және facebook-тегі сілтемелерден көруге болады![19 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 19 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы](/storage/storage/element/2022/07/18/mainphoto/7357/1200xauto_nXxVIhAX5yGNPfhe3LW6mglnDTpC7lojQZKMVSPe.jpg)
El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап 19 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
11.00-де Қазақстан Халық партиясы кеңсесінде жекеменшік балабақшаларды лицензиялау мен ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де «Avenue» бизнес орталығында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің ақылы автотұрақтардың санын көбейту туралы кезекті отырысы өтеді.
12.00-де Қазақстан халық партиясы кеңсесінде ақбөкенді ату мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы барысы» туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.
Көрсетілім сілтемелері: youtube және facebook.
19.00-де Жас көрермендер музыкалық театрында «Үнсіздік» қойылымының премьерасы өтеді.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)