Жаңалықтар

19 адамнан 20 миллион теңге алған алаяқ қамауға алынды

Күдікті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп уәде берген.
19 адамнан 20 миллион теңге алған алаяқ қамауға алынды
01.07.2022 03:18 1710

Қызылордада 19 адамнан 20 миллион теңге алдап алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz.

Күдікті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп уәде берген. Алайда арада жыл өтсе де ешкім баспана алмаған. Жәбірленушілердің ақшасын да қайтармаған. Алданып қалғандар полицияға арызданғаннан кейін 32 жастағы күдікті әйел ұсталды.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Соңғы кездері алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген, – деді Қызылорда ҚПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Әуелхан Құдайберген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға