Жаңалықтар

19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 19.12.2022 10:21 1476

Синоптиктер 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, солтүстікте, шығыста жел соғады. Көкшетауда төмен қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оралда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау облысының батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте, батыста, Ақтөбе облысының орталығында көктайғақ күтіледі. 

Күндіз батыста, Павлодар облысының солтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде баяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с жел соғады. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ болып, баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Петропавлда төмен қарлы боран, күндіз көктайғақ болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға