Жаңалықтар

18 желтоқсанда елдің 4 облысында күн күрт суытады

Сол себепті синоптиктер ескерту жариялады
18 желтоқсанда елдің 4 облысында күн күрт суытады
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz 18.12.2022 08:30 2791

18 желтоқсанда елдің 4 облысында күн райы күрт суытады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады деп болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Петропавлда  күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға