18 жастағы қазақстандық Соня Жиенбаева Мадридте чемпион атанды
30.09.2024 08:28
Фото:
ҚТФ баспасөз қызметі
18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өткен теннис турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінде топ жарды.
Соня Жиенбаева финалдық кездесуде үш сетте де ұлыбританиялық Элис Гилланнан 6:1, 5:7, 6:1 есебімен ұтты. Бұған дейін турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын жеңген болатын.
Айта кетейік, бұл Жиенбаеваның ересек әйелдер турындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Анталияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

