Жаңалықтар

18 қазанда республикалық автожолдармен жүретіндерге ескерту жасалды

18 қазанда республикалық автожолдармен жүретіндерге ескерту жасалды
Фото: El.kz 17.10.2024 19:28 177

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 18 қазанда  Атырау, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Жетісу мен Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға