Жаңалықтар

18 млрд теңге. Рейдерлікпен айналысқандар анықталды

Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары тәркіленді.
18 млрд теңге. Рейдерлікпен айналысқандар анықталды
Фото: ашық дереккөзден 01.09.2022 06:39 935

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаржы, деп хабарлайды EL.KZ ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды - делінген хабарламада.

ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсуде.

Осыған орай, Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға