Жаңалықтар

18 маусымда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

18 маусымда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: El.kz 18.06.2023 07:18 615

18 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.   

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға