Жаңалықтар

1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
21.10.2015 09:38 79960

1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына Еділ мен Жайық бойындағы башқұрт, татар, Орта жəне Кіші жүз қазақтары қатысты. Қазақтардың қарсылығын туғызған жағдайлар: Патша   үкіметінің Каспий     теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі. Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы. Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы. Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.  Кіші жүздің ірі ақсүйектері – Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сəтсіздігі Нұралы ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы басқарған топты көмекке жіберді. Қазақ жігіттері Жайық бекінісін қоршауға табан тіресе қатысты. Кулагин   бекінісін   алуда   басты   күш қазақтардан құралған топ болды. Орынборды қоршауға 200-ге жуық қазақ қатысты. 1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы  хан  бастаған  ақсүйектер  екі  жақты бағыт ұстанды-соғысты пайдаланып, жер тапшылығын жою, өзіне бағынышты қазақтарды қазақтарды тəуелділікте ұстау жəне жеңілсе патша алдында ақталу.

Орынборды қоршаудағы сəтсіздік Пугачев күштерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп болды. Орта жүзден Дəуітбай би Пугачевтің үндеуіне қолдау білдіріп, старшындармен бірігіп, соғысты қолдайтын шешімге келді. 1774   жылғы  күзде  Сібір   шептеріне шабуылдаған қазақтар патша əскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты. Бұхар хандығына дейін барған Орта жүз қазақтары Тобыл мен Есіл өзендері бойына қайтып оралды.

1774-1775 жылдары Сібір шегінде орналасқан патша əскері 3500 болса, 1775 жылы қосымша 626 адам, кейін 409 солдат әкелінді. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы əлсіреді. А.В.Суворов бастаған күш Пугачев  көтерілісінің басты орталықтарын талқандады. 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақ халқының белсене қатысуы орыс-қазақ байланысындағы маңызды оқиға.

1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға