El.kz

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

17.12.2022 10:02

Қазгидромет 17 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР аумағының басым бөлігіне әлі де Монғол антициклоны әсер ететін болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады.

Республиканың шығысында, оңтүстік-шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында желдің күшеюі күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күшеюі сақталады, жел 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жылдамдықпен соғады.