Жаңалықтар

17 жасар балаларды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізілетін болады

17 жасар балаларды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізілетін болады
Фото: gov.kz 14.07.2023 07:32 1302

Қарулы күштерде әӘскери есепке алу проактивті түрде іске асырылатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі Президенттің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралары туралы» Жарлығының ережелерін дәйекті түрде іске асырады. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында 17 жасар балаларды әскери есепке қою автоматты түрде  жүргізіледі.

Қорғаныс ведомствосының бастамасын Премьер-Министр, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдіктері қолдады.

Оны іске асыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін модификациялау мен ықпалдастырудың арқасында мүмкін болды. Бұл еліміздің 16-60 жас аралығындағы азаматтарын әскери есепке алудың толық қамтылып жүргізілуіне мүмкіндік берді.

Қолданыстағы заңға сәйкес жыл сайын он жеті жасқа толатын ер азаматтарды тіркеу жүргізіледі. Мұндай процедура әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтай алады.

Осыған байланысты денсаулық сақтау ұйымдары бір айлық балалардан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды кейіннен динамикалық бақылаумен және сауықтырумен профилактикалық медициналық тексерулерді жүзеге асырады. 

Бұл ретте жалпы практика дәрігерлері бейінді мамандардың қорытындысын және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, 15 пен 18 жас аралығында балалардың денсаулық жағдайына кешенді бағалау жүргізеді. Мұндай деректер Қорғаныс министрлігімен біріктірілген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

Жыл сайын 120 мыңға жуық 17 жасар бала әскери есепке алынады. Қызметті автоматтандыру шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын бөлінетін миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал үнемделген қаражат медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеу, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды әскери комиссариаттарға алдыру, кеңсе тауарлары және т. б. қызметтерге жұмсалатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға