Жаңалықтар

17 тамызда бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

17 тамызда бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © El.kz 16.08.2023 22:25 1158

17 тамызда Қазақстанның 12 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратқа сүйенсек, бейсенбіде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шығысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. 17-18 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға