17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
16.07.2023 08:21
Фото:
bolashak.gov.kz
«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.
Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.
Оқи отырыңыз:
- Астанада балалы ер адамға соққы жасаған Бейбіт Шүменовтің әйелі АҚШ елшілігінен көмек сұрады
- Нәзік жанды ару кеншілермен иық тіресе еңбек етіп жүр
Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:
- квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
- Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
- тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

