kurs.kz

17 қарашадағы валюта бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттері ағымдағы валюта бағамдарын жаңартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Kurs.kz ресурсының деректеріне сүйенсек, Алматыдағы айырбастау орындарында мынадай бағалар ұсынылып отыр:

  • АҚШ доллары: сатып алу - 524,78 тг, сату - 526,76 тг;
  • Еуро: сатып алу - 606,25 тг, сату - 610,43 тг;
  • Рубль: 6,37–6,49 тг аралығында;
  • Юань: 74,22–76,82 тг шамасында саудалануда.

Ал елордадағы айырбастау пункттерінде бағамдар сәл өзгеше:

  • Доллар: сатып алу - 522,35 тг, сату - 529,30 тг;
  • Еуро: сатып алу - 605,49 тг, сату - 615,49 тг;
  • Рубль: сатып алу - 6,40 тг, сату - 6,55 тг;
  • Юань: сатып алу - 75,05 тг, сату - 78,94 тг.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында АҚШ долларының орташа бағамы 1,92 теңгеге төмендеп, 522,19 теңге деңгейінде бекіген еді.