Оңтүстік Кореяда 170-тен аса адам мінген ұшақ түгелдей өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланып, бәрі аман қалған. Оқиға Пусан қаласының әуежайында болған. Гонконгқа бет алған лайнер тура ұшар алдында өртенген. Оттың неден тұтанғаны белгісіз.
Айта кетейік, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяның Муан қаласының әуежайында дөңгелегі ашылмай қонған ұшақ бетон қоршауға соғылғаннан кейін бірден жарылып, өртенген еді. Салдарынан 181 адамның тек екеуі ғана тірі қалды. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

