16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың батысында екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ.
Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, түнде 25 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с болады.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с болады. Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с-тен асады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.