Жаңалықтар

16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. 
16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден 16.09.2022 05:33 947

16 қыркүйек күні Қазақстанның бірқатар облысына тұман түсіп, қатты жел соғады және үсік жүреді. Кейбір өңірлерде төтенше өрт қаупі бар, деп хабарлайды EL.KZ Қаргидрометке сілтеме жасап.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының күндіз басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Жезқазғанда 16 қыркүйекте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қарағанды облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Қарағандыда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Түнде топырак бетінде 3 градус үсік болады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Түнде облыс орталығында және таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады. Талдықорған қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Өскемен қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады екпіні 16 м/с болады. Ақтөбе қаласында 16 қыркүйекте түнде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады екпіні 15 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде 2 градус үсік сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға