Жаңалықтар

16-0: Қазақстан өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады

16-0: Қазақстан өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады
Фото: Мақсат Шағырбай 09.09.2024 12:12 408

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алға шықса, ал екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді. 

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. 
 
Финалдық ойындар 12 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тамашалуғк болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға