Жаңалықтар

150 креатор зияткерлік меншік негіздері бойынша білім алды

150 креатор зияткерлік меншік негіздері бойынша білім алды
Фото: gov.kz 18.10.2024 02:34 386

Астанада ÖzgeEpic креативті хабында зияткерлік меншік негіздері бойынша оқыту бағдарламасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамашы болып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шараның мақсаты — креаторларға қолдау көрсетіп, олардың осы саладағы мүдделерін қорғау.

Оқыту бағдарламасына суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, медиа өкілдері қатысып, барлығы 150 креатор білім алды. Сарапшылар патенттеу, авторлық құқық, сауда белгілері, коммерциялық құпия және лицензиялау сияқты зияткерлік меншіктің негізгі бағыттары бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, креаторлар Қазақстанда және шетелде зияткерлік меншікті қорғаудың басты қағидаттарымен танысты.

Айта кету керек, оқу бағдарламасы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) стандарттарына сәйкес әзірленген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға