15 жастағы жасөспірім қатарласын өлтірді деген күдікке ілінді
29.05.2023 17:00
Фото:
© Polisia.kz
15 жастағы жасөспірім қатарласын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 28 мамырда Щапово ауылында орын алған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 16 жастағы жасөспірім жеткізілген. Науқасты тексеру кезінде оның дүниеден озғаны анықталды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің есін жоғалтпастан қайтыс болғанын айтты.
Қылмыс жасады деген күдікпен 15 жасар бала ұсталды. Сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

