Жаңалықтар

15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді

15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді
Фото: iStock 15.04.2025 12:27 2130

Ресей астанасында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 жастағы мектеп оқушысы өз әкесін пышақтап өлтірді. Қайғылы жағдай таңертең, отбасы мүшелері арасындағы жанжал кезінде болған.

Оқиға туралы SHOT басылымы хабарлады. Көз жұмған ер адам — 41 жастағы Роман З. Таңғы уақытта ол екі қызымен қатты ұрысып қалған. Сол кезде кенже қызы 15 жастағы Алиса оған бірнеше рет пышақ сұғып алған. Зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс кезінде пәтерде Алисаның 20 жастағы әпкесі де болған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Роман З. бұған дейін шартты түрде сотты болған. Ол есірткі тарату және билік өкіліне күш қолдану бойынша жауапқа тартылған. Сонымен қатар, оның несиелік қарыздары да болған. Осыған байланысты сот орындаушылары тарапынан өндіріс ісі ашылған.

Алиса №1981 Мәскеу мектебінде оқиды. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Қылмыстық іс Мәскеу қалалық Тергеу комитеті мен прокуратурасының бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға