Жаңалықтар

15 тамызға арналған ауа райы болжамы

15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.08.2024 04:28 706

Синоптиктер 15 тамыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі және дауыл тұрады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу өңірлерінің шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік, шығыс, орталық бөліктерінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға