Жаңалықтар

15 наурыз - Қайырымдылық күні

15 наурыз - Қайырымдылық күні
Фото: Коллаж El.kz 15.03.2024 11:48 2213

Бүгін, 15 наурыз, елімізде Қайырымдылық күнін атап өтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз – мейірімділік пен татулық мейрамы. Сондықтан мереке күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мейірімділік таныту Наурыздың қадірін арттыра түседі.

Еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық, мейірімді насихаттайтын түрлі іс-шара өтеді. Астанада қарттар үйі, балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі. Сондай-ақ қала әкімінің қатысуымен көпбалалы аналар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен зиялы қауым өкілдеріне ауызашар беріледі.

Биыл Наурыз он күн бойы тойланады. Осы уақыт аралығында республика бойынша 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады.

Олардың ішінде республикалық мәдениет ұйымдарымен 79 іс-шара, ал өңірлердің ұйымдастыруымен 276 іс-шара өтеді. Министрлік және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылатын «Ұлы істің – Ұлы таңы» атты басты мерекеміз – 21 наурыз күні Астана қаласының ЭКСПО аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр, – деді ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Сәбит Барлыбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға