Жаңалықтар

1,5 миллион мектеп салынады – Ерлан Қошанов

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр
1,5 миллион мектеп салынады – Ерлан Қошанов
Фото: sputnik.kz 11.11.2022 20:58 1600

«Пікірсайыс сессиясы» екінші раундта президенттікке үміткер Қарақат Әбден ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Ерлан Қошановқа сіздің үміткер өскелең ұрпақтың жақсы білім алып, табысты болуы және балалардың бақытты болуы үшін не ұсынады деп сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz

Аталған сұраққа Ерлан Қошанов өскелең ұрпақ мәселесі сіздің ғана емес біздің басты үміткерді де толғандырады деді.

«Қасым-Жомарт Кемеұлының бағдарламасында басты мәселе жастар, соның ішінде балаларға бағытталған. Бірінші сәби дүниеге келгеннен бастап, кәмелетке жеткенше қажеттіліктер қамтылған. Атап айтқанда, сәби дүниеге келгеннен соң есепшот ашылып, ұлттық қордан қаржы құйылады. Екінші сәбиге ананың махаббаты, сүті және ананың күтімі керек. Бұл бір жарым жасқа дейін аналар өзінің баласына күтім жасауға мүмкіндігі бар. Екінші балабақшаға баратын уақытта барлық жағдай бар. Тұрмысы төмен отбасының балаларына тамақ тегін беріледі. 1,5 миллион мектеп салынады. Бұл балаларға сапалы білім беруге мүмкіндік. Сондай-ақ, жемқорлардан түскен ақша да мектепке жіберіледі. Халықтық қордан түскен ақшадан кәмелетке дейін қадам басады», - деп жауап берді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға