15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен 1993 жылдан бері 15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні болып бекітілді. Бұл мерекенің басты миссиясы – қоғам назарын отбасы проблемалары мен құндылықтарына аудару.
Отбасы күні бүкіл әлемде алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Содан бергі 30 жылға уақыт ішінде бұл айтулы күн – отбасы институтын нығайтуда, жанұя мүшелерінің қарым-қатынасын жақсартуда айтарлықтай рөл атқарып келеді.
Бұл атаулы күн елімізде де кеңінен аталып өтеді. Осы күні жер-жерде танымдық шаралар мен отбасылық құндылықтар тақырыбындағы конференциялар ұйымдастырылып, жанұя мүшелері бір-біріне құттықтау лебіздерін айтады.
Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, отбасы құндылықтарын сақтау, нығайту, ұрпақтар сабақтастығын өрбіту бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Гендерлі саясаттағы теңдік, тұрмыстық зорлық зомбылықпен жүйелі күрес, отбасы институттарының белсенді жұмысы – атқарылып жатқан істердің бір парасы ғана.
Сонымен қатар жыл сайын дәстүрлі түрде «Аналар» мен «Әкелер күнін» тойланып келеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы тағы бар. Бұл шаралар қоғамда үлкен қолдау тауып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға сеп болды. Мұның бәрі отбасы – бәрін біріктіретін құндылық екенін аңғартады.