15 ақпанда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
15.02.2023 08:33
Фото:
24.kz
15 ақпанда республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Соған байланысты синоптиктер қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын орын алады деп болжады. Сонымен қатар жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Ал елдің барлық өңірінде тұман мен көктайғақ болады.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қалың қар түсуі мүмкін.

