gov.kz

1414-тен хабарлама: қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды

17.07.2024 12:11

Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге жібермеу керегі ескертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

eGov.kz мәліметінше, қаскүнем хабарламадағы кодты пайдаланып, цифрлық деректерге қолжеткізе алады.

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру арқылы оларға заңды қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауапты боласыз, - деп ескертілді қазақстандықтарға.

Деректерді қалай қорғауға болады:

  • 1414 кодын үшінші тұлғаларға көрсетпеңіз;
  • ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілті болса, онда жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтаруды қадағалау қажет;
  • ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ берілуі қажет;
  • егер ЭЦҚ кілттері бар флэшканы жоғалтып алсаңыз, жоғалған ЭЦҚ кілттерін қайтарып алуыңыз керек;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығында ЭЦҚ кілттерін алу кезінде парольді өзгертуді ұмытпаңыз;
  • Бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін ақылы түрде ашып беру қызметін қолданбаңыз.