Жаңалықтар

1414-ке ең көп қойылатын 10 сұрақ

Бірыңғай байланыс орталығы 1323 мемлекеттік қызмет және 243 басқа қызмет бойынша кеңес береді.
1414-ке ең көп қойылатын 10 сұрақ
22.07.2022 23:05 3274

2021 жылғы сәуірден бастап клиенттердің ең танымал сұранысы – төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Төлқұжаттар мен жеке куәлік беру туралы 1,5 миллионға жуық өтініш түскен. Екінші орында жүргізуші куәлігін алу (523 824) және бала туу бойынша жәрдемақы тағайындау (501 481) мәселесі тұр. Сонымен қатар, ТОП-10-ға тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу, ЭЦҚ алу, аты-жөнін ауыстыру, некені тіркеу және салық төлеу мәселелері кіреді.

Бірыңғай байланыс орталығы 1323 мемлекеттік қызмет және 243 басқа қызмет бойынша кеңес береді (eGov порталының сервистері, elicense.kz). Одан бөлек, 10 ақпараттық-коммуникациялық қызметтер бойынша жауап алуға болады. Сонымен қатар, операторлар екпеге қатысты сұрақтар, Ashyq қосымшасы, E-otinish жүйесі және ХҚКО қызметі туралы ақпарат ұсынады – делінген хабарламада.

Байланыс орталығы өтініштерді 1414 телефоны арқылы ғана емес, Мемлекеттік корпорацияның ресми сайты (gov4c.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунты, сондай-ақ eGov порталы арқылы да қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға