14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
EL.KZ Информационно-познавательный портал
14.02.2023 09:01
Фото:
El.kz
Қазгидромет 14 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында – ауа райы жауын-шашынсыз.
Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.

