13 жылдан астам уақыт бойы жасырынған қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 2011 жылы Арқалық маңында бір тоннадан астам марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. Операция барысында сегіз адам қамауға алынды, бірақ күдіктілердің бірі жасырынып үлгерген.
Іздеу жұмыстарын тоқтатпаған тәртіп сақшылары қаскүнемді құрықтады. Биылғы қараша айында ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлеріне іздеуде жүрген адамның Жамбыл облысының ауылдарының бірінде екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

