Жаңалықтар

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com 27.10.2022 20:34 6019

Қазгидромет 28 қазан күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с солтүстік-батыс желі күтіледі. Алматы қ.: 28 қазан түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында түнде тұман, көктайғақ болжанады.

28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға