egemen.kz

13 ақпанда бірқатар өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады

13.02.2023 05:11

13 ақпанда елдің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ және тұман болатындығы болжанды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, шығыс аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ батыс аймақтар мен ҚР оңтүстігінің таулы аудандарында жаңбыр және қар еріп жауады. Оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта – ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау мен Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Аталған өңірлерде боран соғып, көктайғақ орын алатыны айтылды.