1 Мамыр 2020, 21:10

#12 Үйде бірге әзірлейміз. Манты – Дүнген халқының ұлттық тағамы

Ұлттардың асханасына бас сұғып, олардың тіл үйірер сан түрлі тағамдарының дайындалу әдісімен танысқысы келетіндер үшін, «Еl.kz» интернет-порталы #Үйдебіргеәзірлейміз, (#готовимвместедома) жаңа жобасын ұсынады. Бұл жобада Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық асханасының құпиясымен бөліседі.
Үйде отырып, бірге ас әзірлейік! Этноасхана челленджін Сіз де жалғастырыңыз!

Біздің эстафетаны бірінші болып Жамбыл облысындағы «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі Нуралиева Динара алды. Ол дүнген халқының ұлттық  тағамдарының бірі — манты тағамын әзірлеп көрсетеді.

Алдымен қамыр жасау үшін бізге керектілер:

1)Ұн

2)Тұз

3)Ашытқы (дрожь)

4)Жылы су

Қоспасын әзірлеуге керектілер:

1)Сиыр еті

2)Кинза

Алдымен бөлек ыдысқа 2 қасық тұз, 1 қасық ашытқы салып, сумен араластырамыз. Кейін ұн қосып, қамыр жасаймыз. Енді қоспасын дайындау үшін  сиыр етін және жусанды  ұсақтап тураймыз. Сосын сұйық май және дәміне қарай тұз қосып, мантыны жасауға кірісеміз. Кейін бұларды 20 минуттай отқа пісіреміз.

Ал тамағымыз піскенше дәмді әрі жылдам жасалатын салат әзірлейік. Ол үшін бізге керектілер:

1)Сәбіз

2)Қырыққабат

3)Сарымсақ

4)Дәмдеуіштер                   

Ең әуелі сәбізді үккіштен өткіземіз. Ал  қырыққабатты ұсақ  етіп турап, сарымсақ, зәйтүн майын,  дәмдеуіштер қосып араластырамыз. 

Бөлісу: