Жаңалықтар

12 жастағы оқушының оқиғасы: Air Astana сотта тағы жеңілді

12 жастағы оқушының оқиғасы: Air Astana сотта тағы жеңілді
Фото: ir.airastana.com 13.01.2025 16:08 210

Air Astana әуежейда қалдырып кеткен 12 жастағы Зеренің оқиғасына қатысты іс бойынша апелляциядан да жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Air Astana компаниясының өтінішін қарау аяқталды. Тасымалдаушы  қыздың анасына берілетін моральдық өтемақыны бес миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін азайтуды сұрады.

Бірақ апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырған. Бұл туралы қыздың адвокаты Данильхан Шағатаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Енді сот үкімі бойынша, компания Зеренің анасына материалдық өтемақы ретінде бес миллион теңге төлеуі керек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға