Жаңалықтар

12 жасар баланы ұрған Шымкент тұрғыны қамауға алынды

12 жасар баланы ұрған Шымкент тұрғыны қамауға алынды
Фото: © Polisia.kz 10.08.2023 23:55 1292

Шымкентте ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 14 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұран АПБ-на екі азамат көрші тұратын ер адамға қатысты арызданған. Бір мәлімдемеде көршісінің 12 жасар баланы ұрғаны айтылған. Ал екінші арызданушы ер адамның оны қорлағаны туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері екі жайт бойынша әкімшілік іс жүргізді.

Құқық бұзушыға қатысты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұсақ бұзақылық жайттары бойынша ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі және 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар қарау үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Алайда ер адам бойтасалап үлгерген. Патрульдік полиция полкінің экипаждары оны іздеуге және ұстауға бағытталды. Бүгін тәртіп сақшылары оны ұстап, сотқа жеткізді, - делінген ІІМ таратқан мәліметте.

Сот қаулысымен ер адам 14 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға